ТОО «Елорда Құрылыс Компаниясы»

4 полигон, «Жағалау 4» ТК үлескерлерімен кездесу

Бүгін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) кеңсесінде 4-полигон, «Жағалау 4» ТК үлескерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Серіктестіктің директоры Б.Нұрашбеков пен «ASI» ИҚК ЖШС директоры С.Котляров қатысты.

Кездесу шеңберінде құрылыстың аяқталуы, қаржыландыру, Қосымша келісімдерге қол қою сұрақтары, сонымен қатар басқа да ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

С.Котляров атап көрсеткендей, құрылысты межеленген мерзімдерге сәйкес аяқтау жоспарланып отыр, кешіктірулер күтілмейді.