ТОО «Елорда Құрылыс Компаниясы»

Құрметті «Комсомольский» ТК үлескерлері!

Құрметті «Комсомольский» ТК үлескерлері!

Соңғы уақытта құрылыс мәселесі қордаланып қалған «Комсомольский» ТК екі тұрғын үй құрылыс кооперативі (ТҚК) объект құрылысы туралы бір шешімге келе алмай жүр.

Осыған байланысты 24 тамыз күні Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның «Комсомольский – Успех» және «Комсомольский -Триумф» ТҚК төрайымдарының қатысуымен өткен отырысында жер учаскесін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС беріп, тұрғын үй құрылысын мемлекет есебінен келесі жылы аяқтау туралы шешім қабылданған болатын.

Осы күнге дейін ТҚК мүшелері бір шешімге келмегендіктен, қолында инвестициялау шарты, бірлескен қызмет туралы шарты және үлестік қатысу туралы шарты бар үлескерлерге 15 қыркүйекке дейін өз көзқарасын білдіріп, келесі сұрақтарға жауап беруін сұраймыз:

  1. Сіз объект құрылысының мемлекет пәрменімен аяқталғанын қалайсыз ба?
  2. Сіз объект құрылысының мемлекет қатысуынсыз ТҚК пәрменімен аяқталғанын қалайсыз ба?

Дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, аталған тұрғын үй кешенінде сатып алынған үй-жайлардың санына қарамастан, жеке куәлігін ұсына отырып, ЖСН-і көрсетілген үлескердің тек бір дауысы ғана есепке алынатын болады.

Сондықтан да, құрметті «Комсомольский» ТК үлескерлері, 15 қыркүйекке дейін Тәуелсіздік, 41 мекен-жайында орналасқан «Silk Way» БО келіп, дауыс берулеріңізді сұраймыз.