ТОО «Елорда Құрылыс Компаниясы»

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Гарант» тұрғын үй кешені құрылысы аяқталды

 «Гарант» тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау 2018 жылдың 26 қаңтарында ведомствоаралық комиссия отырысында «Елорда құрылыс компаниясына» тапсырылыды. 2013 жылы үй құрылысы тоқтап қалды. Үлескерлер бұл күнді 7 жыл күтті.

Объект құрылысы 2018 жылдың желтоқсан айында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қайта жанданды. Үлескерлер саны – 172 адам.

Бүгінгі таңда үйге барлық инженерлік желілер өткізілген, тұрғындар келісім-шарт жасаған соң пәтерлер жылу желілеріне қосылады.

Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бақылауымен 10 тұрғын үй кешені қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін 20 объект үлескерлері мәселесі шешіледі деп жоспарланған.