ТОО «Елорда Құрылыс Компаниясы»

«Комсомольский» ТК бойынша қазіргі жағдай

2021 жылдың 3 ақпанында «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС мен «Комсомольский Успех» ТҚК арасында объект құрылысын аяқтау жөніндегі №69 бірлескен қызмет туралы келісім жасалды.

2021 жылдың 9 ақпанында мемлекеттік сатып алу порталына «Комсомольский» ТК объектісінің құрылысын аяқтау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына бас мердігерді анықтауға және техникалық бақылау қызметін көрсету бойынша орындаушыны анықтау бойынша байқау жарияланды. Биылғы жылғы сәуірдің 16-на дейін байқау қорытындысын шығару жоспарланған.

Бүгінгі таңда жер пайдалану құқығы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС мен «Комсомольский Успех» ТҚК тең үлеспен рәсімделген (50/50).
«ТКМ-Астана Гарант» ЖШС мен «Комсомольский Успех» ТҚК объектіні байқау нәтижесі бойынша анықталған мердігер ұйымға өткізеді.