ТОО «Елорда Құрылыс Компаниясы»

«Комсомольский» ТК бойынша қазіргі жағдай

2021 жылдың 26 наурызында «Астана қаласы, «Комсомольский» кенті, Қыз Жібек және Ұлпан көшелерінің қиылысында орналасқан жапсарлас үй – жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені» (аяқталмаған құрылыс) құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша конкурс қорытындыланды. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының негізінде Тапсырыс берушінің (Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану рәсімі жүргізіледі.

Конкурс нәтижелерімен келіспеуіне байланысты әлеуетті өнім беруші «Меркурий и К» ЖШС 2021 жылғы 29 наурызда «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-ге (бұдан әрі-уәкілетті орган) шағым берді.

Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының (ҚР Қаржы министрінің 30.11.2015 ж. №598 бұйрығы) 17-тармағының 4 -тармақшасына сәйкес конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша шағым негізінде камералдық бақылау 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-ге шешім қабылдау мақсатында уәкілетті органның 2021 жылғы 16 сәуірге дейін ұсынылатын шешімі қажет.