ТОО «Елорда Құрылыс Компаниясы»

Жылжымайтын мүлік сату платформаларындағы жарнамаға қатысты

Желідегі жылжымайтын мүлік сату платформаларында «Renaissance» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату туралы ақпарат жарияланды. Аталған ТК орналасқан жер ретінде 2015 жылы проблемалық деп танылған, 600-ден аса үлескері бар  «Комсомольский» ТК аумағы көрсетілген.

Бұл ақпарат уәкілетті орган – «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ мен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жіберілді. Аталған жарнаманы бұғаттау бойынша іс-әрекеттер жасалды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 9 ақпанында мемлекеттік сатып алу порталына «Комсомольский» ТК объектісінің құрылысын аяқтау бойынша байқау жарияланды. 2021 жылдың 3 наурызында байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталады. Өтінімдерді қарастыруды аяқтау мерзімі – 2021 жылдың 18 наурызы.