ТОО «Елорда Құрылыс Компаниясы»

Астана әкімі Алтай Көлгінов «Жеті жол» және «Айсанам De Luxe» ТК құрылыс объектілерін жұмыс бабымен аралады

Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің баспасөз орталығы хабарлағандай, астана әкімі Алтай Көлгінов «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен бірге үлестік құрылыс объектілерін аралап, жұмыстардың барысымен және тұрғын үй кешендерінің негізгі проблемалық мәселелерімен танысты, «Жеті жол» және «Айсанам De Luxe» ТК үлескерлерімен кездесу өткізді.

«Әрбір проблемалық объект жеке қаралады және ол бойынша шешім кезең-кезеңмен қабылданады. Ақша бөлінді, енді құрылысшылар жауапкершілікпен келулері тиіс. Құрылыс барысына қоғамдық, партиялық және мемлекеттік бақылау жүргізілуде» – деді Әкім үлескерлермен кездесуде.