ТОО «Елорда Құрылыс Компаниясы»

2019 жылдың 30 желтоқсанында «Арыстан» тұрғын үй кешенінің А-блогы пайдалануға берілді

2019 жылдың 30 желтоқсанында жосықсыз құрылыс салушылардың кінәсінен проблемалық объектілердің тізбесіне енгізілген Алматы ауданы, М.Төлебаев көшесі Обаған көшесінің бұрышында (Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының жанында) орналасқан «Арыстан» тұрғын үй кешенінің А-блогы пайдалануға берілді. А-блогы 3 подъезден, 140 пәтерден тұрады.

Аталған объект 2012 жылы проблемалық деп танылып, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен «Елорда құрылыс компаниясы» уәкілетті ұйымына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында аяқтауға ұсынылған.

Әкімдік елордадағы проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау үшін жауапты мемлекеттік органдар мен орындалу мерзімдері белгіленген іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.

Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен белсенді жұмысының нәтижесінде 2019 жылы 9 проблемалық объект пайдалануға берілді.